00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Отандық қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енеді

29.11.2023 | 05:45
65
фото: www.gov.kz

Астана қаласы тұрғындары мен қорнақтары үшін 17-19 желтоқсан күндері «Хас шебер» фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен фестиваль «Жастар» сарайында сағат 9:00 ден 18:00 дейін өтеді.

Елімізде бұрын-соңды болмаған отандық өнімдердің белгісін білдіретін қолөнершілер туы тігіледі.

Қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енгізіледі.

Фестивальдің дресс-коды – ұлттық киім. Фестиваль барысында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеден түскен қаржының 10 пайызы қарттар үйіне жұмсалады. Сонымен қатар қолөнершілер жұртшылыққа арнап мастер-класс өткізеді.  Сонымен қатар қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері және қызықты ойындар ұйымдастырылады.

Барлық жаңалықтар