Ұландықтар су үстінде өнер көрсетті
![Ұландықтар су үстінде өнер көрсетті](/img/articles/6ce10d09ca32ddd877a9906ab7102ed9.jpeg)
Елордада Есіл өзенінің жағасында «Ұлы дала ұландары» тақырыбында әскери-патриоттық концерт өткізілді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрінің репертуары алуан түрлі болды. Шығармашылық ұжымның концерттік бағдарламасында әскери оркестрге арналған дәстүрлі қызметтік-саптық әндермен қатар, халық, классикалық әндер, сондай-ақ «Сәйгүлік», «Аузынан айдың түскен қыз», «Боз жорға», «Сені сүйем» секілді заманауи эстрадалық әндер де шырқалды. Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері қару-жарақпен дефиле көрсетті.
Бұдан бөлек, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Ән-би ансамблі өнер көрсетті.
Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановтың тапсырмасы бойынша және Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен біз «Ұлы дала ұландары» әскери-патриоттық концерті арқылы ақпараттық-үгіт жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз халықты әскери бөлімдеріміз міндеттерді қалай орындайтыны, ұландықтардың тұрмыста не істейтіні туралы хабардар етеміз. Негізгі мақсат — елорда тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және әскери қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру, – дейді ҚР Ұлттық ұланы 5573-ші әскери бөлімі командирінің орынбасары Тимур Рахимов.
Концерттік бағдарламадан басқа, Есіл өзенінің жағасында құқықтық тәртіп әскерлерінің жауынгерлік қызметі бейнеленген фотокөрме ұйымдастырылды.
Біз жағалауға жақын жерде тұрамыз және көше музыканттарының әртүрлі аспаптарда өнер көрсеткенін жиі көреміз. Бірақ бүгін әскери формадағы үлкен ұжымды, кәсіби музыканттарды көріп, қызығып шықтық және сол шешімімізге қуанып тұрмыз. Концерт өте ұнады, әсіресе қарумен бірдей іс-қимыл көрсеткен жауынгерлер ерекше екен. Киімдері де, қойылымдары да әдемі. Шынында да, мұндай іс-шаралар жастарды шабыттандырады және патриотизм сезімін оятады, арттырады, – деді Астана тұрғыны Вера Александровна.
Айта кету керек, Ұлттық ұландықтар патриоттық концерттер, азаматтарды әскери қызметшілердің міндеттері мен қызметі туралы хабардар ету сияқты шығармашылық шараларға көп көңіл бөледі.
![Астанада Қазақстан полициясы күніне арналған фотокөрме өтті](/img/articles/36d18b930d036de5ee99199e758d8462.jpg)
![Елордада Өндіріс тасжолының бір бөлігі жабылады](/img/articles/3c9d72608abcc343ade14c3821bbe3ee.jpg)
![Елордада «Хат-Шатырдың» қасындағы биік ғимарат өртеніп жатыр](/img/articles/d3e2221195aa1cd1cf19c5a7307b36e4.jpg)
![Астанада 11 автобустың қозғалыс бағыты өзгерді](/img/articles/c27e7ba68899483793ce150ba772b5c8.jpg)
![Астанада масалар мен шыбын-шіркейге қарсы өңдеудің үшінші кезеңі басталды](/img/articles/72fd85ebca3f87b1975bfcaca7a2db2b.jpeg)
![Халықаралық дипломатиядағы әйелдер күніне орай панельдік пікірталас өтті](/img/articles/53fb7eda21a1dd02c9cc49183b3e2734.jpeg)
![Демалыс күндері елордада азық-түлік жәрмеңкесі өтеді](/img/articles/7f82b39f72748c9366b78f0510d444b9.jpg)
![Елордада электромобильдерді қуаттайтын станциялардың саны артады](/img/articles/a2368adfd55888d037affae22ef11eae.jpeg)
![«Таза Қазақстан»: Астаналық оқушылар қоқыс жинап жарысты](/img/articles/6f5f60ffad99ad1187a43e71071801e3.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Елордада «Экоәлем» отбасылық шарасы өтті](/img/articles/029166054f08d192bf48ae2664a34f69.jpg)