00:00
Астана -10oC
USD:
472.62
EUR:
513.22
RUB:
5.43
Іздеу

Елордада «Хат-Шатырдың» қасындағы биік ғимарат өртеніп жатыр

22.06.2024 | 15:37
Торғын Аман
144
Елордада «Хат-Шатырдың» қасындағы биік ғимарат өртеніп жатыр
фото: ҚР ТЖМ

Астана қаласында өрт сөндірушілер Тұран даңғылы 37/9 мекенжайында орналасқан ғимаратта шыққан өртті сөндіруде, деп хабарлады Elorda.info.

«Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша тұрғын үй кешенінің 26 қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Нақтыланған мәлімет бойынша ғимараттың сыртқы қаптамасы жанып жатыр. Оқиға орнында өрт сөндірушілер 3 ранг бойынша жұмыс істеуде. 16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылған.
Ғимарат әкімшілік және ішінара тұрғын үй. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау жүргізілуде.

ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Барлық жаңалықтар