00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Әкім Тұран даңғылындағы кәріз жүйесі құрылысын жылдамдатуды тапсырды

29.02.2024 | 10:23
50
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

21 ақпаннан бастап біз Тұран даңғылындағы (Орынбор мен Бағланова көшелерінің арасы) учаскенің бір бөлігін уақытша жаптық. Қазір мұнда магистральдық кәріз коллекторының құрылысы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл нысанның қалаға қаншалықты маңызды екенін қысқаша айтып өтейін.

Қазіргі уақытта қаланың сол жағалау бөлігінің шаруашылық-тұрмыстық суы Мәңгілік ел даңғылы, Керей-Жәнібек хандар көшесі және Тұран даңғылы арқылы өтетін магистральды коллектордың көмегімен ағызылады. Коллектор 16 жыл бұрын салынған. Оның ұзындығы – 6 км, - деді қала әкімі.

Ол қаланың дамуы және ағынды сулардың көлемі ұлғайғаны ескеріліп, коллектор өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істейтіндігін айтты. 

Оның сөзінше сол себепті коллекторға түсетін жүктеменің артуына байланысты жұмыста үзілістер болады, ал авариялық-қалпына келтіру жұмысы күткен нәтижені бермей отыр.

Елорданың дәл осы ауданында ағынды суларды ағызудың өзге жолы жоқ. Ал қолданыстағы құбырды одан әрі пайдаланудың салдарынан ағынды су жер бетіне көтеріліп, бірқатар көшені басып қалуы мүмкін. Сол сияқты техногендік, экологиялық сипаттағы жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.

Шаруашылық-тұрмыстық суды ағызу үшін арнайы жоба әзірледік және осы айда Тұран даңғылындағы магистральдық кәріз коллекторының құрылысын бастадық. Оның ұзындығы – шамамен 8 км. Аяқталу мерзімі – 9 наурыз. Құрылыс қарқынын жылдамдатуды және мерзімінен бұрын жол қозғалысын қамтамасыз етуді тапсырдым, - деп жазды Ж.Қасымбек.

Барлық жаңалықтар