Астаналық келіншек «JOLTAP» жобасы арқылы жұмыс тапты
![](/img/watch-gray.png)
![Астаналық келіншек «JOLTAP» жобасы арқылы жұмыс тапты](/img/articles/db1cd7ebc8da48d74db5a6a7f6d9a8f9.jpeg)
Астанада «JOLTAP» жобасы сәтті жүзеге асырылып, тұрғындарға жаңа мамандықтарды игеруге, жұмысқа орналасуға және табыстарын арттыруға көмегі тиіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Жобаға қатысушылар 14 мамандық бойынша тегін қысқамерзімді курстардан өтіп, 52 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алып, өздеріне жұмыс таба алады.
Өзі туралы айтқан «JOLTAP» бағдарламасы түлектерінің бірі астаналық Анар Қойлыбаева көптен бері тігін тігуді үйреніп, өз ісін ашқысы келгенін жеткізді.
Мен жас кезімнен бастап тігін тігуді үйренгім келді. Курстарды іздей бастағанымда бір блогердің Instagram парақшасының арқасында бұл жоба туралы естідім. Содан кейін егжей-тегжейлі ақпарат іздеп, дереу жазылуға шешім қабылдадым. Осылайша, менің көптен күткен оқуым басталды, - деді ол.
Анардың айтуынша, оқытушының тәлімгерлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында ол қысқа уақыт ішінде тігуді толық игеріп алған.
Курс бір айға созылды, ал оқытушы Анар Төлегенқызы ең негізгілерін үйретіп, сұрақтарға жауап берді және тәжірибе жүзінде көмектесті. Сабақтар қарқынды өтті, соның арқасында қысқамерзімде тігуді үйренуге болады. Курсты аяқтағаннан кейін мен белдемше, шалбар және көйлек тігуді үйрендім. Оқудан басқа, мен өз білімімді үйде де шыңдап, таныстарыма тігін тігіп беруге тырыстым, - деді түлек.
Осылайша, тігін курстарында тегін оқу және тәжірибе жинау арқылы ол сүйікті ісімен айналысып, тапсырыс бойынша киім тігіп жүр.
Бүгінде мен қыздарыма киімдер тігемін, мысалы, қойылымдарға, іс-шараларға арналған көйлектер және балабақшаға арналған костюмдер. Енді мен алдағы 9 мамыр мерекесіне арнайы тапсырыс алдым. Болашақта өзімді осы бағытта дамытқым келеді. Көп тапсырыс алуға тырысамын, тіпті өз ательемді ашқым келеді, - деді ол.
Анар Қойлыбаева жобаның мүмкіндіктері туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісе отырып, таныстарына да көмектесуде.
Жоба өте керемет және қала тұрғындарына жаңа білім алуға, жасырынып жатқан таланттарып ашуға және мүлдем басқа бағытта дамуға көмектеседі. Менің ойымша, қымбат оқу курстарына несие алудың қажеті жоқ, өйткені «JOLTAP» бағдарламасы олардан кем түспейді. Бұл жоба, әсіресе, жастар үшін пайдалы. Өйткені өзіңізді осы немесе басқа салада сынап көргеннен кейін сіз өзіңізді және қабілетіңіздің қарымын біле бастайсыз. Мен жобаның басқа қалаларда да ашылғанын қалаймын, адамдар өз істерін жүзеге асыруға мүмкіндік алады, - деп атап өтті ол.
Естеріңізге сала кетейік, «JOLTAP» жобасының басты мақсаты – елорда тұрғындарына табысты арттыру мүмкіндіктерін таңдауда, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыруда көмек көрсету. Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттері қаланың әр түкпірінде орналасқан және күн сайын, демалыс күндерінде де үзіліссіз жұмыс істейді.
![](/img/articles/cd39232f34d27f90526c84ee72d654ed.jpeg)
![](/img/articles/e6a14c9d91c4c69afaf712db62898167.jpg)
![](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![Орталық саябақта 4 мыңнан астам астаналық Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирді тамашалады](/img/articles/cd39232f34d27f90526c84ee72d654ed.jpeg)
![Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы учаске жабылады](/img/articles/e6a14c9d91c4c69afaf712db62898167.jpg)
![CTS автобус жолаушыларына маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![Елордалық құтқарушылар Есіл өзенінде рейд өткізді](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![Астаналықтар Олимпиаданың ашылуын ашық аспан астында тамашалай алады](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![Астанада отбасын қолдау орталықтарының жаңа жұмыс тәсілдері талқыланды](/img/articles/10cc3dbfef420bb46838d48facca8688.jpg)
![Елорда прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды](/img/articles/1abf1cbd5b009de4c8c1a223dd5c6a0f.jpg)
![«Таза Қазақстан»: AMANAT партиясы елорда маңында бейсенбілік өткізді](/img/articles/0198d5d0b3564b6e2f5efe4e13ffccc4.jpg)
![Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны ауысады](/img/articles/c2770e1896adebd4ca1c5d140a1ef930.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)