00:00
Астана -10oC
USD:
464.72
EUR:
496.32
RUB:
5.4
Іздеу

Игі істер марафоны: Астанада коммуналдық қызмет мамандарына шай мен бауырсақ таратылды

09.01.2024 | 03:00
99
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордалық еріктілер түнгі уақытта қар тазалау жұмысына жұмылдырылған коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлады Elorda.info Астана қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қардың мол жаууына байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Күндізгі ауысымға 1700-ден астам арнайы техника мен 2500-ге жуық жол жұмысшы көшелерді қардан тазартуға шықты. Өткен тәулікте қаладан 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2802 жүк рейсін құрайды.

2fcda0111c28eca979099a44486ae60c_1280x720.jpeg

Түнгі ауысымға қар тазалауға 1500-ден астам арнайы техника мен 400-ге жуық жол жұмысшы шықты.

Бүгін қар тазалаумен айналысатындардың барлығына еріктілер бауырсақ пен ыстық шай таратады.

Мұндай игі іс қаланың барлық ауданында жүргізіледі.

Бейтаныс адамдарға қамқорлық көрсетіп жүрген еріктілерге алғысымыз шексіз. Бұл жүреккежылулық сыйлайды, – дейді жол қызметкерлерінің бірі.

01b93afb128cec0d9cefe64ae9f09b1f_1280x720.jpeg

Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 508 140 текше метр қар шығарылды, бұл 111 мыңнан астам ауыр жүк рейсін құрайды.

Еріктілер ыстық шай мен бауырсақтарды таратумен қатар, қар тазалауға көмек көрсетеді, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға азық-түлік себеттерін тасымалдайды, қарт кісілерге отын кесуге көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада игі істер марафоны өтіп жатыр. Акцияның басты мақсаты – еріктілер мен тұрғындарға халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарына, қарт адамдарға, мұқтаж зейнеткерлерге барынша көмек көрсету.

Барлық жаңалықтар