00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Есіл ауданының күміс еріктілері мүмкіндігі шектеулі балаларды қуантты

13.12.2023 | 09:00
62

Бүгін Есіл ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Күміс» еріктілері мен «Есіл толқындары» халықтық ансамбілі «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды, деп хабарлады Elorda.info. 

Белсенді қариялар Тәуелсіздік күні қарсаңында орталықтағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына мерекелік шағын концерт ұйымдастырды. «Есіл толқындары» халықтық ансамбілі жанды дауысты халық әндерін орындады. 

WhatsApp Image 2023-12-13 at 14.35.03 (1).jpeg

Есіл ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаппай іс-шараларды ұйымдастырушысы Ләззат Утегулованың сөзінше,  еріктілер демеушілердің көмегімен 40 балаға тәтті сыйлық дайындаған. 

WhatsApp Image 2023-12-13 at 14.35.03.jpeg

Бүгін біз ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін орталыққа арнайы келдік. Тәуелсіздік күні қарсаңында шағын концерт ұйымдастырып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағымыз келді. Демеушілердің көмегімен 40 балаға сыйлық та алып келдік. Жалпы біздің орталықтың ата мен әжелері әрқашан қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Мектеп оқушыларына қолөнер жасауды үйрететін әжелеріміз бар. Олар аптасына бір рет қаладағы бірқатар мектепте шеберлік сабағын өткізеді. «Есіл толқындары» халықтық ансамбілі біздің орталықтағы шығармашылық ұжымдардың бірі. Өнерлі қарияларымыз да әрқашан концерт ұйымдастырып, жасы келсе де қоғамдық жұмыстарға араласады. Бастысы бүгінгі ұрпақ осы ата-әжелерге қарап үлгі алса дейміз,- деді Ләззат Утегулова.

WhatsApp Image 2023-12-13 at 14.35.04 (1).jpeg«Есіл толқындары» халықтық ансамбілі ұйымдастырған концертті мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары және орталық қызметкерлері  тамашалады. Олар өнерлі қариялармен бірге ән шырқады.  Жиын соңында белсенді қариялар балаларға тәтті сыйлықтарды үлестірді. Орталық басшылығы сахнада өнер көрсеткен ансамбль ұжымына өз ризашылығын білдіріп,  алғыс хат табыстады. 

Барлық жаңалықтар