Ерекше балалар елорданың көрікті жерлерін аралады
![Экскурсия](/img/articles/328e205bf0588da1901f7e595a80f3b9.jpeg)
Астанада Сарыарқа ауданы әкімдігінің бастамасымен Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалар елорданың көрікті жерлерін қосқабатты туристік автобуспен аралады, деп хабарлады Elorda.info.
Сарыарқа ауданы Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Бибігүл Жақсыбайдың сөзінше, экскурсияға мүмкіндігі шектеулі 25 бала ата-анасымен бірге шақырылған.
Жалпы аудан әкімдігі әр мереке сайын балаларға көңіл бөлуге тырысады. Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ерекше балалар екіқабатты қызыл автобуспен қаланың тарихи және мәдени жерлерін аралайды. Оған мүмкіндігі шектеулі 25 бала ата-анасымен бірге жиналып отыр. Сонымен қатар бүгін бір топ бала АЛЖИР мемориалды-мұражай кешеніне экскурсияға кетті, - деді Бибігүл Жақсыбай.
Бас маманның айтуынша, ауданда 1 маусым – Балалар күніне арналған бірқатар шара жоспарланған.
Бүгінгі экскурсия мерекелік шаралардың бастауы деп айтуға болады. Сарыарқа ауданында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған бірқатар іс-шара өтеді. Мереке күні «Көктал» және «Қорғалжын» саябақтарында және Есіл өзені жағалауында мерекелік концерттер өтетін болады, - дейді әкімдік өкілі.
Елорда тұрғыны Айгүл Бектаева да экскурсияға баласымен бірге шақырылып, топпен бірге қаланың көрікті жерлерінде болды.
Бүгінгі экскурсияны ұйымдастырған Сарыарқа аудан әкімдігіне алғысым шексіз. Менің балам ерекше балалар қатарында. Дегенмен әрқашанда әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі. Бүгін де балалар демалысқа шыққан соң, бос уақытты пайдалы өткізуге септігін тигізіп жатыр. Бүгінгі экскурсия барлық балаларға қызықты өтіп жатыр, - дейді қала тұрғыны.
Экскурсия барысында ерекше балалар шаһардың көрікті жерлерін аралады. Атап айтқанда, «Бәйтерек» монументі, туристер көп жиналатын ЭКСПО қалашығы, Бейбітшілік және келісім сарайы мен Тәуелсіздік алаңында және Есіл өзенінің жағасында орналасқан Орталық саябақта серуендеді.
![](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астана күніне орай елордада қандай ауқымды іс-шаралар өтеді](/img/articles/bd4f970037a3a7728ba62b28fdbebe2a.jpg)
![Ербол Мырзабосынов: Мектеп интернаты мен колледж - жоғары спортқа резерв дайындайтын басты баспалдақ](/img/articles/0fc5501db02193968320ae861f9470a9.jpeg)
![Тұран даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады](/img/articles/3dcf39ad314696253e80e482867a3ac9.jpg)
![Елордада республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды](/img/articles/12faf4c27ac2164616f17e134647bffe.jpg)
![Астанада дәмхана өртенді](/img/articles/3960209a60ccef9e98ee9a8fbdb4e410.jpg)
![Елордада жаңа кітапхана ашылды](/img/articles/a025dd6342dbbf6e3b3043e0d53dae70.jpeg)
![Астанада дрондар шоуына арнайы автобустар ұйымдастырылады](/img/articles/2c6412729b387d59a5add8c8de960e6d.jpg)
![Елордада ұлттық костюмдер дефилесі өтті](/img/articles/148eeb79ee4ca96186b45886afc4aa1c.jpeg)
![Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды](/img/articles/d1ebfdd234b60c94b00db1e335b3c095.jpeg)
![Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді](/img/articles/8527c108fb201c96bc1c3bf6e19ac1e7.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)