00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Елордалықтарға мерекелік тәттілер таратылды

01.03.2024 | 12:12
135
Фото: автордан

Астанада көктемнің алғашқы күні тамаша үрдіспен басталды. Қалалықтар көп шоғырланатын «Астаналық базар» маңында волонтерлер тұрғындарға шоколад үлестіріп, жақсы көңіл-күй сыйлады.

37866268-bec2-43bf-a541-72e271311bfc.jpg

Атаулы күнге орай елордалықтарға алғысымызды айтып, жылы лебізімізді білдіру үшін осы жерге келдік. Бүгінгі іс-шараны ұйымдастырушы Астана әкімдігі жанындағы «Астана жастары» ресурстық орталығының белсенділері және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілері қала тұрғындарына тәттілер үлестіріп, бүгінгі мерекемен құттықтады, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы департаменті бойынша бас маманы Сламқұл Әбдіқаһар.

Сондай-ақ, үнемі игі істердің басы-қасында жүретін «Астана жастары» ресурстық орталығының белсенділері де бүгінгі іс-шараға орай өз лебіздерін білдірді.

85b83206-abd3-425c-92de-d4f365f8d7e5.jpg

Біз бұған дейін «Игі істер марафоны» аясында қар тазалауға көмектесіп, коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратқан болатынбыз. Бүгін, міне, астаналықтарға шоколад ұсындық. Осындай шуақты күнде әрбір тұрғынның жүзінен риясыз күлкіні көру бізге де қуаныш сыйлайды, - деді волонтер Рауан Қодаров. 

Мұндай тосын сыйға қала тұрғындары да мәре-сәре болысып, алғыстарын айтты.

Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар