00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордалық ТЖД өрт-тактикалық жаттығу өткізді

13.04.2023 | 10:00
32
Фото: Астана қалалық ТЖД

Күн райы жылынысымен, құрғақ шөптер мен қамыстың тұтану жағдайлары жиілеп барады, деп хабарлады Elorda.info.  

Өкінішке қарай, адамдардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарауы жағымсыз салдарға әкеледі. Бұған от жағу, массивтерде, саяжайларда қоқыстарды жағу және т.б. сонымен қатар, жылы күндер кезінде жүздеген демалушылар табиғатқа шығып, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін ұмытады. Алайда, абайсыздық, адамдардың немқұрайлылығы көбінесе жойқын өртке айналады. Ағаштардың жануы уақытында сөндірілмесе, үлкен шығындарға әкеп соғуы мүмкін. Көбінесе жану алаңының жанында ғимараттар, тұрғын үйлер бар.

Саяжай массивтерінің аумағында құрғақ шөптің және қамыстардың жануын өрттерінің алдын алу және оларды жою мақсатында Астана қаласының ТЖ департаменті қаланың төрт ауданында өрт-тактикалық жаттығу өткізді. Жыл сайын көктемгі-жазғы кезеңде тұрғындардың шаруашылық құрылымдары, тұрғын үй және саяжай үйлері өртенеді. Сондықтанда жеке үйлердің және саяжай учаскелерінің, сонымен қатар, табиғат аясында демалысты жақсы көретіндер өрт қауіпсізідігінің ережелерін білу және сақтау керек:

  • кез-келген ашық от көздерімен жұмыс істегенде абай болыңыз;
  • учаскені және оған іргелес аумақты жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, құлаған жапырақтардан, шөптерден уақтылы тазалаңыз;
  • әр құрылымның жанына су ыдысын орнатыңыз;
  • өрт кезінде өрттің ғимараттар мен құрылыстарға ауысуын болдырмау үшін өртке қарсы жолақтарды ұйымдастырыңыз. Мүлікті өрттен құрғақ шөптен тазартылған топырақтан жер жолағымен қорғаңыз;
  • табиғатта болған кезде жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамаңыз, балалардың сіріңкемен және отпен ойнауына жол бермеңіз, аң аулауда жанып тұрған материалдардан жасалған қылшықтарды пайдаланбаңыз, от жағуға және ғимараттардың жанында қоқыстарды жағуға болмайды.
  • отты тек топырақ қабатына дейін тазартылған жерде жағыңыз.
Барлық жаңалықтар