00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордалық мектеп спортшылары 300-ден астам медаль жеңіп алды

13.04.2023 | 15:00
40
Фото: Астана қаласы Білім басқармасы

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында елордадағы көркем гимнастиканың дамуы туралы Астана қаласы әкімдігінің «№1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ басшысы Сайранбек Әбілқайыр брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл мектептің негізгі міндеті - спорттық резервті дайындау. Осы мақсатта жылына бір рет бақылау-тестілеу жүргізіледі. Іріктеу жыл сайын оқу жылының басында, яғни тамыз айының аяғы мен қыркүйек айының басында өткізіледі. Іріктеу үшін ата-ана куәлігі, электронды қолтаңба, медициналық анықтама қажет. 

Спикердің айтуынша, биылғы оқу жылының басынан мектепте 5 пен 18 жас аралығындағы 545 оқушы тәлім алып, жоғары санатты 27 жаттықтырушы, 14 хореограф жұмыс істейді. 2022-2023 оқу жылының басынан бері спортшылар 305 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 124 алтын, 106 күміс және 75 қола медаль бар. ҚР спорт шебері, әлем чемпионаты және халықаралық жарыстардың жүлдегері ұлттық құраманың мүшесі Дильназ Байленова, Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сабина Бакатова, Эрика Жайлауова, Айым Меиржанова - мектептің мақтаныштары.  

чччч.jpg

Студенттер санының көбеюіне байланысты спорт сабақтарын өткізуге жалға алынатын орындар саны артты. «Думан» спорт кешені, «Жеңіс» спорт кешеніне қосымша, наурыз айынан бастап, көркем гимнастика бөлімі үшін 1038,6 кв шаршы метрді қамтитын «Медипол» кешені жалға алынды. Өткен жылы «Тәуелсіздік сарайы» жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жабылғандықтан кейбір үйірмелер сапасы төмен залдарда өткен болатын. Әрине көп ата-аналарға бұл ұнамады, әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдірді. Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С. Жылқыбаев, мектеп басшысы С. Ербатырұлымен ата-аналардың қатысуымен жиналыс өткізіліп, көптің өтініші көп ұзамай өз шешімін тапты. Мектеп спортшылары үшін 6 наурыздан бастап «Медипол» гимнастика орталығы пайдалануға берілді. Осы жерде алғаш рет Астана қаласының ашық кубогы ұйымдастырылды. Жыл сайын тұрақты өткізілетін жарысқа 300-ден астам елордалық көркем гимнастшы қатысып, үш күндік додада бақтарын сынады. Чемпионат жыл сайын наурыз-мамыр айында дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Жарыстың нәтижесінде қалалық құрама жасақталды. Іріктеуден өткен спортшылар алдағы халықаралық, құрлықтық және әлемдік додаларда ел намысын қорғайды, - деді №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы.

Ол алдағы тамыз-қыркүйек айларында көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Астана қаласының ашық чемпионаты өткізілетінін, сондай-ақ қазан-қараша айларында көркем гимнастикадан Астана қаласының тағы бір ашық чемпионатын өткізу жоспарда тұрғанын айтты.

Кеше спортшыларымыз Болгария астанасы София қаласында өткен халықаралық турнирде бақ сынап, жүлделі оралды. Топтық сайыста «Фурор» командасы 2 және 3-орын иеленсе, жеке сайыс бойынша Эрика Жайлауова қола жүлдені еншіледі, - деді Сайранбек Әбілқайыр.

Барлық жаңалықтар