00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордалық еріктілер зейнеткерлерге қар тазалауға көмектесті

02.03.2024 | 08:35
58
Фото: Elorda.info

Көктемнің келуімен қар ери бастайды. Бұл ретте, әсіресе, үй аумағын өз бетінше тазарта алмайтын қарттар мен жалғызбасты адамдарға қиын. Мұндай кезде зейнеткерлерге елордалық еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері көмекке келеді.

5789fd48-9fb7-409e-a460-04da6776fe9f.jpg

Қазір елордада қар тазалау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Ондағы мақсат – жеке секторларда орналасқан үйлерді су басу қауіпінің алдын алу.

Бүгін «Астана жастары» волонтерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп, аулаларында қарды өз бетінше тазалай алмайтын жалғызбасты қарт адамдарға қар тазалау бойынша көмек көрсетті.

Макс Алтаев есімді жас жігіттің айтуынша, ол 2021 жылдан бері «Астана жастарының» еріктісі болып жұмыс істейді.

Жыл сайын біз мұқтаж қарт ата-әжелерге көмектесу үшін үйлеріне барамыз. Атап айтқанда, зейнеткерлердің үйлерін қардан тазартамыз. Олардың жүздеріндегі қуаныш біздің жанымызды жылытады және одан да көп жұмыс істеуге ынталандырады, - дейді ол.

5658e6b1-ac52-4fd3-9291-70f5bd98efb3.jpg

Еріктілер ауланы қардан тазартты. Ал ата-әжелер риза болып, еріктілерге көмектері үшін алғыс айтты. 

Балаларға айтар алғысым мол. Олардың жұмысы мен үшін өте маңызды. Өйткені менің жасыма байланысты ауланы қардан тазартау қиын. Ал жастардың мұндай істері мені қуантады, - деді Валентина Сергиенко.

Барлық жаңалықтар