00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордалық еріктілер аптап ыстықта ауыз су таратты

13.07.2023 | 17:00
60
фото: Сұлтан Сейіт

 Бүгін елордалық еріктілер шіліңгір шілденің ыстығына қарамастан еңбек етіп жүрген коммуналдық сала жұмысшыларына тегін салқын су таратты, деп хабарлады Elorda.info.

Елордадағы Байқоңыр ауданы әкімдігінің қолдауымен қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері көше бойында еңбек етіп жүрген жандарға салқын су үлестірді. 

WhatsApp Image 2023-07-13 at 16.50.12.jpeg

Жастар ресурстық орталығының өкілі Олжас Амангелдінің сөзінше, еріктілер әрқашан ауа райының қолайсыздығына қарамастан жұмыс істеп жүрген жандарға қолдау көрсетеді.

Бүгін Байқоңыр ауданы бойынша жұмыс жасап, қаланың көркеюіне үлес қосып жүрген коммуналдық қызметкерлерге су таратып жүрміз. Шамамен 200 адамды қамтитын боламыз. Мұндай науқандар бізде жиі болып тұрады. Еріктілердің қатысуымен қыстың аязды күні көшеде ыстық шай таратқанбыз. Осы сияқты әр маусымдағы қолайсыз ауа райына байланысты коммуналдық қызметкерлерге  қолдау көрсетеміз,- деді Олжас Амангелді.

Барлық жаңалықтар