00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Елордада «Жолдағы қабылдау» акциясы өтіп жатыр

14.06.2024 | 17:16
Торғын Аман
63
Елордада «Жолдағы қабылдау» акциясы өтіп жатыр
Фото: Астана қ. ПД

Астана қаласының Полиция департаменті 14 және 15 маусымда «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Акция аясында әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметінің мамандары азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, мобильді қабылдау жүргізетін болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлеріне қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кеңес беру және құқықтық көмек алу үшін жүгіне алады. Акция сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «Тұрақ кеңістігі» ЖШС қатысуымен өтеді.

Акция келесі орындарда өтеді:

- «Asia Park» СОСО мекен жайы (Қабанбай батыр даңғылы, 21);

- «Mega Silk Way» СОСО (Қабанбай батыр даңғылы, 21);

- Астана қаласының астаналық саябағы (қалалық сағат, Тұран даңғылы);

- Call-center: 71-69-77, 67-75-75, 53-27-74, WhatsApp: 8-778-388-58-38.

Барлық жаңалықтар