00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада «Жас құтқарушы» оқу орталығы ашылды

15.03.2024 | 11:35
65
Фото: дереккөз

Салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, елордалық ТЖД бастығы Марат Күлдіков және департаменттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанатбек Аденов қатысты. Сондай-ақ гарнизонның жеке құрамы мен қала мектептерінің оқушылары болды. 

Орталық әртүрлі тақырыптық аймақтармен жабдықталған: екі қабатты оқу орталығының бірінші залында өрт сөндіру құралдарының экспонаттары, екінші залда өрт сөндіру бөлімдері мен техникаларының макеті, жол-көлік оқиғасы кезінде құтқарушылар жұмысының көрнекі үлгісі, балаларға төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстары туралы бейнероликтер көрсетуге арналған орын. 

5c747e2f-d633-47d4-bfd6-2347832a254f.jpg

Орталықтың қызықты бұрыштарының бірі – өрт болған жерлерден заттарды көрнекі түрде көрсету. Балаларға арналған орталықта зардап шеккендерді іздеу мен құтқарудың ерекше лабиринті, сабақтар өткізілетін сыныптар бар.

Барлық жаңалықтар