00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2023» чемпионатының іріктеу кезеңі өтті

11.04.2023 | 18:30
28
Фото: ашық дереккөзден

Астанадағы «Сервис және туризм колледжінде» «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2023» чемпионатының іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«WorldSkills» атты халықаралық қозғалысқа Қазақстан 2014 жылдан бастап енген. 

Байқаудың ашылуында сөз алған колледж директоры Салтанат Басыгараева аталған жарыстың маңыздылығына тоқталды және қатысушыларға сәттілік тіледі. 

«WorldSkills» – әлем елдерінде  кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және кәсіптік стандарттарды үйлестіру арқылы білім беруді дамыту. Чемпионат барысында «Фористика» құзіреттілігі бойынша Астана, Алматы қалаларынан, Қарағанды, Абай, Батыс Қазақстан, Ақмола өңірлерінен 6 қатысушы өз шеберліктерін көрсетті. Чемпионат білікті кадрларды даярлауға,  жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді, - деді С.Басыгараева.

Барлық жаңалықтар