00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша рейд жалғасып жатыр

27.03.2024 | 10:43
91
Фото: Василий Крась

Рейдтік іс-шаралар апталығында  Нұра ауданында 90-ға жуық дүкен тексерілген. 

18-26 наурыз аралығында Нұра ауданы әкімдігі аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері  мен аудандық полиция басқармасы бірлесіп рейд жүргізді. Іс-шара барысында Асфендияров, Әнет баба, Сығанақ, Р.Бағланова, Ұлы дала және Исатай батыр көшелерінде орналасқан 87 дүкенінде  насыбайды заңсыз сату бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал 6 дүкенге 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Бүгін 20 жуық дүкенді тексеріп, сатушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейд  31 наурызға дейін жалғасады,- дейді Нұра ауданы әкімдігінің Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Бектемір Жолжаскажиев. 

Байқоңыр ауданында да вейб және насыбай сататын сауда орындарында жедел-профилактикалық шаралар жүргізілуде.

Ауданның учаскелік полиция инспекторының сөзінше, шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сатқандар мен 18 жасқа толмағандарға вейб сатқандарға әкімшілік хаттама толтырылып, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл – 92 300 теңге. Егер азаматтар айыппұлды жеті күн ішінде төлесе, 50 пайыз жеңілдік бар. 

Бүгінде Байқоңыр ауданы бойынша 3 тоннадан астам насыбай тәркіленген. Кейін тәркіленген барлық өнім жойылды. 

Сарыарқа ауданында жедел-профилактикалық шаралар барысында 23 кәсіпкерлік нысан тексерілді. Оның ішінде 2 дүкен иесіне айыппұл салынды. Әкімдік өкілінің сөзінше, бүгінде аудан бойынша шамамен 60 келі насыбай тәркіленген. 

Рейд барысында дүкен иелеріне түсіндіру  жұмыстары мен орын алған заң бұзушылықтар бойынша тексерістер жүргізілді. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында шегілмейтін темекі өнімдерін тұтыну заңсыз және мәдениеттілікке жатпайтынын айтқан болатын.

Зарина Сәрсенбайқызы

Сабина Кәкімжан

Барлық жаңалықтар