Елордада Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған конференция өтті
![](/img/watch-gray.png)
![Елордада Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған конференция өтті](/img/articles/e1cf74f8a933d2bc0b796b7356ba6644.jpg)
Астанада Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылды. Оған Қорғаныс министрлігі басшылығының өкілдері, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері, Сағадат Қожахметұлының көзін көргендер, батырдың есімімен аталатын елордалық әскери колледждің оқытушылары, студенттері, кадеттері және «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.
Конференцияға қатысушыларға арналған алғысөзінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов конференцияның негізгі мақсаты – армия генералы С.Нұрмағамбетовтің әскери мұрасын зерделеу, батырдың тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерін құруға және оны дамытуға қосқан үлесін бағалау екенін атап өтті.
Қазақ даласы ежелден даңқты батырларымен белгілі, олардың есімдері тарихта да, халық жадында да мәңгі сақталған. Туған халқы үшін өмірін беруге дайын ұлдардың бірі, нағыз Отан қорғаушы – Сағадат Қожахметұлы еді. Біз оның қалдырған мұрасын мұқият сақтап, ұрпаққа өнеге ретінде көбейтіп, жеткізуіміз керек, – деді ректор.
Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев бірінші қорғаныс министрін еске алу туралы ведомствоның жоспарындағы жұмыс жайлы айтып берді. Ол С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында батырдың 100 жылдығына арналған «Әскери ант» отандық сериалы түсіріліп, экранға шыққанын еске салды.
Сағадат Нұрмағамбетов туралы естеліктерімен генерал-лейтенант Абай Тасболатов бөлісті:
Мен үшін әкемдей болды. Біз ол кісіні үлгі етіп өстік. Көп нәрсені үйретті. Кадрларды қалай таңдау керектігін жақсы білетін. Өмірдің барлық қиындықтарына қарамастан, ол сынған жоқ, қайта рухы күшейе түсті. Сынға шыңдала түсетін, нағыз күрескер адам еді. Бізге де қиындыққа мойымауды үйретті. Ендігі жерде біздің міндетіміз – келер ұрпақты елін, жерін қастерлеуге тәрбиелеу, – деді ардагер.
Конференция барысында батырдың немересі Лира Нұрмағамбетованың естеліктері де айтылды. Оның айтуынша, Сағадат Қожахметұлы өте қарапайым, бірақ талапшыл және жауапты адам болған. Есте сақтау қабілетінің мықтылығы сондай ол өміріндегі көптеген оқиғаларды бүге-шігесіне айта алатын. Батыр Отанға және халыққа адал әрі жанқиярлық қызметімен үлгі болып, мәңгі ел жадында сақталары сөзсіз.
![](/img/articles/e6a14c9d91c4c69afaf712db62898167.jpg)
![](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы учаске жабылады](/img/articles/e6a14c9d91c4c69afaf712db62898167.jpg)
![CTS автобус жолаушыларына маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![Елордалық құтқарушылар Есіл өзенінде рейд өткізді](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![Астаналықтар Олимпиаданың ашылуын ашық аспан астында тамашалай алады](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![Астанада отбасын қолдау орталықтарының жаңа жұмыс тәсілдері талқыланды](/img/articles/10cc3dbfef420bb46838d48facca8688.jpg)
![Елорда прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды](/img/articles/1abf1cbd5b009de4c8c1a223dd5c6a0f.jpg)
![«Таза Қазақстан»: AMANAT партиясы елорда маңында бейсенбілік өткізді](/img/articles/0198d5d0b3564b6e2f5efe4e13ffccc4.jpg)
![Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны ауысады](/img/articles/c2770e1896adebd4ca1c5d140a1ef930.jpeg)
![Астана дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай безендіріледі](/img/articles/27c094b59af2af68b0afe028b28ee1fe.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)