00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада Нәжімеденов көшесі жартылай жабылады

10.10.2023 | 12:00
45
Фото: gov.kz

Астанада сумен жабдықтау желілерін орнату мақсатында Ж.Нәжімеденов көшесі бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған байланысты 16-24 қазан аралығында Ж.Нәжімеденов көшесі мен Ұлы Дала даңғылының қиылысында, сондай-ақ 25 қазан мен 5 қараша аралығында Ж.Нәжімеденов көшесі мен М.Жұмабаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы ішінара жабылады, - делінген Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Басқарма келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және қала тұрғындарын құрылыс-монтаж жұмысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауға шақырады.

Барлық жаңалықтар