00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада көпқабатты үйлердің балконына 300-ден астам ту ілінді

05.06.2023 | 08:44
33
фото: ser-per.kz

Кеше Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Astana jastary» жастар ресурстық орталығының волонтерлері «челлендж» ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Көпқабатты үйлердің балконына ту ілу акциясы жыл сайын елімізде 4 маусымда атап өтілетін Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне арналды.

Бүкіл аудандарға 330 ту берілді. Оның 150-і Сарыарқа ауданына бөлінді. Қала бойынша ту ілу жұмысына шамамен 50 адам қатысты. Қарсылық танытқандар болған жоқ, тұрғындар бұл челленджді өте жақсы қабылдады. Біздің басты мақсатымыз орындалды деп ойлаймыз, - деді Астана қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар