00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада еңбек нарығын дамыту мәселелері бойынша халықаралық конференция өтеді

28.09.2023 | 12:00
52
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ 2023 жылғы 26 қазанда Астанада «Өзгерістер дәуіріндегі еңбек нарығы: сын-тегеуріндер, жаңартпалар және перспективалар» атты халықаралық конференция өткізеді, деп хабарлады Elorda info.

Іс-шараға 15-тен астам елдің халықаралық деңгейдегі сарапшылары, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының, консалтингтік компаниялар мен халықаралық ұйымдардың, ірі отандық және шетелдік кәсіпорындардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Конференция шеңберінде әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы мен перспективалары, жаһандық еңбек нарығының даму тенденциялары, сапалы жұмыс орындарын құру мүмкіндіктері және оларға бизнес-ортаның әсері, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы қажетті өзгерістер, сондай-ақ әлемде адами капиталды дамыту мәселелері сияқты өзекті мәселелер талқыланатын болады.

Тақырыптық сессиялардың бірінде цифрландыру мен жасанды интеллекттің еңбек нарығына әсері, сондай-ақ мамандар мен бизнеске заманауи технологиялар беретін жаңа перспективалар мәселесі қаралатын болады.

Іс-шара мамандарға, еңбек нарығының сарапшыларына және мүдделі тараптарға тәжірибе мен білім алмасуға, проблемаларды, қиындықтарды анықтауға және олардың ықтимал шешімдерін талқылауға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар