Елордада дзюдодан Grand Slam додасы өтеді
![Дзюдодан Grand Slam додасы](/img/articles/bdbb7c845b661c887c0f57d28e275db4.jpeg)
Астанада 10-12 мамыр күндері «Qazaqstan Barysy Grand Slam» дзюдодан әлемдік рейтингтік турнир өтеді. Бұл бастама дзюдошыларға 2024 жылғы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін қажетті ұпайлар әкелетін Grand Slam сериясының соңғы кезеңі болмақ, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан Дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлемдік турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Биыл еліміз екінші рет «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирін өткізеді. Халықаралық дзюдо федерациясы өткен жылы жарыстың ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Ал биыл жауапкершілік жүктемесі екі есеге артты деп айтуға болады. Өйткені жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында «Үлкен дулыға» турнирінің соңғы кезеңі бізде өтеді. Спортшылар рейтингтік ұпай жинап, Олимпиадаға кімнің лицензия алатыны белгілі болады. Өте жауапты сәт. Қазір біз бұл жарыстарды жоғары деңгейде өткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сондай-ақ спортшыларымызға сенеміз. Отандастарымызды ұлттық құраманы қолдауға шақырамыз, - деп атап өтті Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев.
Айта кетсек, осы жарыстың қорытындысы бойынша IJF ережелеріне сәйкес, әлемдік және олимпиадалық рейтингтердегі ұпайлар турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында бөлінеді. Атап айтқанда, 1 орын үшін 1000 ұпай, 2 орын үшін 700 ұпай және 3 орын үшін 500 ұпай беріледі.
Естеріңізге салсақ, 2023 жылы ҚР Дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо Федерациясымен (IJF) Қазақстанда Grand Slam әлемдік сериясының жарыстарын өткізуге төрт жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Екіжақты шартқа сәйкес, біздің еліміз бұл турнирді 2026 жылға дейін қабылдайды.
![](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![CTS автобус жолаушыларына маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![Елордалық құтқарушылар Есіл өзенінде рейд өткізді](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![Астаналықтар Олимпиаданың ашылуын ашық аспан астында тамашалай алады](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![Астанада отбасын қолдау орталықтарының жаңа жұмыс тәсілдері талқыланды](/img/articles/10cc3dbfef420bb46838d48facca8688.jpg)
![Елорда прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды](/img/articles/1abf1cbd5b009de4c8c1a223dd5c6a0f.jpg)
![«Таза Қазақстан»: AMANAT партиясы елорда маңында бейсенбілік өткізді](/img/articles/0198d5d0b3564b6e2f5efe4e13ffccc4.jpg)
![Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны ауысады](/img/articles/c2770e1896adebd4ca1c5d140a1ef930.jpeg)
![Астана дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай безендіріледі](/img/articles/27c094b59af2af68b0afe028b28ee1fe.jpeg)
![«Зорлық-зомбылықсыз отбасы»: Елордада көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті](/img/articles/7e174858182c1b1082025f4d2e2ea0f9.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)