00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада бес электр пойызының стансасы уақытша ауыстырылады

09.08.2023 | 08:00
47
Фото: дереккөз

Астанада бес қала маңына қатынайтын электр пойызының келу және жөнелту стансасы уақытша ауыстырылады, деп хабарлады Elorda.info.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Нұр-Сұлтан-1 станциясында перронды сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеу жүргізуге байланысты 2023 жылғы 14 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында бес қала маңы теміржол электр пойызы уақытша Нұрлы жол стансасынан жөнелтіледі, - делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

- «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Атбасар» қатынасындағы №6803 электр пойызы жөнелту уақыты сағат 07:30-да;

- «Нұр-Сұлтан – Көкшетау» қатынасындағы №6829 электр пойызы жөнелту уақыты сағат 08:08-де;

– «Ерейментау – Нұр-Сұлтан» қатынасындағы №6831 электр пойызы келу уақыты сағат 07:18-де;

- «Қарағанды – Бурабай курорты» қатынасындағы №7553 электр пойызы келу уақыты сағат 08:56 және кету уақыты 09:20-да;

– «Бурабай – Қарағанды курорты» қатынасындағы №7556 электр пойызы сағат 19:20-да келіп, сағат 20:00-де жөнелтіледі.

Сондай-ақ, «Ерейментау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» қатынасындағы №6831 электр пойызының Қырқыншы стансасындағы тұраққа тұруы уақытша тоқтатылды.

Қалған теміржол жолаушылар пойыздары әдеттегідей жүреді.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телегармм боты арқылы алуға болады.

Барлық жаңалықтар