00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада «Байқа, пирамида!» Telegram-бот іске қосылды

17.11.2023 | 10:51
45
Фото: дереккөз

Қаржы пирамидаларымен және заңсыз құмар ойындармен күресу туралы Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2 Тергеу басқармасының басшысы Тимур Мұқанов брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

ҚР Қаржылық мониторинг агентігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен тұрақты негізде Астана аумағында қаржылық пирамидалардың жолын кесу және жою бойынша іс-шаралар, сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимылдар жүргізілуде.

Жыл басынан бері интернет-ресурстарын тексеру бойынша «Байқа, пирамида!» Telegram-бот іске қосылды. Енді азаматтар сайттар мен әлеуметтік желілерді қаржылық пирамидалардың бар болу мәніне өз бетінше тексеріп, бағамдай алады. 

2023 жылдың 10 айында Экономикалық тергеп-тексеру департаменті елорда аумағында заңсыз қызметін жүзеге асырып келген 19 қаржылық пирамида қызметінің жолын кесті. Қаржылық пирамидалар бойынша сотқа ҚР ҚК 217-бабы 3-бөл. 10 қылмыстық іс жолданды, оның ішінде 6 қылмыстық іс бойынша үкімдер шығарылып, ұйымдастырушылары ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылды. Мысалға, Q-net қаржылық пирамидасында, «Q-net» компаниясына жаңа қатысушыны тартып, ол құны 2 000 АҚШ долларынан кем емес тауар сатып алу үшін ақша қаражатын салады және соның есебінен Q-net компаниясынан бонустар алады, - дейді Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2 Тергеу басқармасының басшысы Т.Мұқанов.

Заманауи қоғамның әлеуметтік ауруларының бірі – ойынқұмарлық. Ойын бизнесі адамдардың денсаулығына орасан зор залалын тигізеді. Құмарға еліткен адамдар басында өз ақшаларынан ұтылады. Осыдан кейін ұтылғандарын қайтаруға тырысып, үйінен мүліктерді ала бастайды, тіпті қылмыс жасауға дейін барады. Осы жылы қабылданған шаралармен ойын мекемелерінің заңсыз қызметінің жолын кесу бойынша жұмыс күшейтілді.

Биылғы 10 айда ойын бизнесі саласында сотқа дейінгі 9 өндіріс тіркелді. Ойын автоматтары бойынша 4 факті, 1 онлайн казино, «ПОКЕР» карта ойыны түріндегі құмар ойындарымен 4 мекеме қызметінің жолы кесілді. Мысалға, «ПОКЕР» карта ойыны түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар қызметінің жолы кесілді. Сотталушылар, Астана қаласының үш тұрғыны ҚР ҚК 307-бабымен көзделген қылмыс жасауда кінәлі деп танылып (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшерде табыс табумен, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру), оларға шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілді. Бұдан басқа, «ПОКЕР» ойын карталарын тарататын дилерлері бар құмар ойыны мекемесі қызметінің жолы кесілді, - дейді Тимур Мұқанов. 

Барлық жаңалықтар