Елордада аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылып жатыр
![Елордада аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылып жатыр](/img/articles/288854e0aeb0aaa392e87418b1584fe0.jpeg)
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында елордада аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы қарқынды жүріп жатқанын жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 20-дан астам аула мен қоғамдық кеңістікті аштық. Биыл барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырамыз. Бұл жұмыспен қаланың барлық ауданын, оның ішінде елді мекендерді де қамтимыз.
Алматы ауданында Ақбұлақ өзенінің жағалауын абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Былтыр Ш.Құдайбердіұлы даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі аралық қамтылған. Биыл Абылай хан даңғылынан Амман көшесіне дейін жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында бос уақыт өткізуге арналған орындар, спорт алаңы, көгалдандыру, жарықтандыру және т.б. бар. Сондай-ақ, биыл Тәуелсіздік даңғылы мен Амман көшесі арасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылады.
Сол сияқты Тәуелсіздік даңғылының (Ақбұлақ өзенінің жағасынан Б.Момышұлы даңғылына дейін) жаяу жүргіншілер бөлігі қолға алынды. Мұнда жаяу жүргіншілер бөлігін абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру жүргізілуде, даңғыл бойында кедергісіз орта құрылып жатыр. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болу үшін көлеңкелі шатырлар да орнатылады.
Бұдан бөлек, осыған дейін сауда орталықтарының құрылысы жоспарланған Тұран даңғылында екі жаңа қоғамдық кеңістік ашылады, Жүргенов көшесінде жасыл желек орнатылады, ал Мыңжылдық аллеясында 70 мың шаршы метр абаттандырылады, - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, Т.Жүргенов көшесі (Айнакөл көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін), ескі вокзал аумағы және оған іргелес Гете мен Біржан сал көшелері және «Жағалау» тұрғын үй кешенін абаттандыру аясында 18 гектар аумақ және т.б. абаттандырылады.
![](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![CTS автобус жолаушыларына маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/a26147b7cd1e5639a152e2b5a6a96072.jpg)
![Елордалық құтқарушылар Есіл өзенінде рейд өткізді](/img/articles/f40e715f4b4966b9436826c112fe8948.jpeg)
![Астаналықтар Олимпиаданың ашылуын ашық аспан астында тамашалай алады](/img/articles/475b87a51e1d49eac0325fb08e419fc8.jpg)
![Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті](/img/articles/4dc92b4236dca1508df22f4433afa2c4.jpg)
![Астанада отбасын қолдау орталықтарының жаңа жұмыс тәсілдері талқыланды](/img/articles/10cc3dbfef420bb46838d48facca8688.jpg)
![Елорда прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды](/img/articles/1abf1cbd5b009de4c8c1a223dd5c6a0f.jpg)
![«Таза Қазақстан»: AMANAT партиясы елорда маңында бейсенбілік өткізді](/img/articles/0198d5d0b3564b6e2f5efe4e13ffccc4.jpg)
![Астанада өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің орны ауысады](/img/articles/c2770e1896adebd4ca1c5d140a1ef930.jpeg)
![Астана дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай безендіріледі](/img/articles/27c094b59af2af68b0afe028b28ee1fe.jpeg)
![«Зорлық-зомбылықсыз отбасы»: Елордада көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті](/img/articles/7e174858182c1b1082025f4d2e2ea0f9.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)