00:00
Астана -10oC
USD:
451.38
EUR:
487.22
RUB:
5.14
Іздеу

Елордада алпысқа жуық заңсыз қоқыс орындары жойылды

01.08.2023 | 13:00
133
Фото: дереккөз

Астанада стихиялық қоқыстарды жою және рұқсат етілмеген орындарда қоқыс төгетіндерді жауапкершілікке тарту бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл қалада 56 стихиялық орын жойылды. Рұқсат етілмеген орындардан 47 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Жергілікті полициямен бірлесіп, құқық бұзушыларды анықтау бойынша тұрақты рейдтік іс-шаралар жүріп жатыр. Осылайша, жыл басынан бері 1 700-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде 134 құрылыс компаниясы мен 89 қызмет көрсету ұйымы бар.

Қоқысты жинау үшін экополигонға жақын аумақ белгіленді. Онда қалдықтарды уақытша алаңға қабылдау жұмысы жүргізіліп жатыр. Аудан әкімдіктері мұнда 3 600 тоннадан астам қоқыс жеткізді.

Бүгінгі күні елордада жұмыс істейтін құрылыс компанияларының бәріне құрылыс қалдықтарын «Солтүстік жотаға» және ҚТҚ полигонына жеткізу, құрылыс алаңдары аумағында қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер орнату және онда экологиялық кодекс талаптарының сақталуына қатысты хабарламалар жіберілді.

Барлық жаңалықтар