00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада қаламгер Есенгелді Сүйіновтің шығармашылық кеші өтті

01.03.2024 | 05:01
63
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қала жұртшылығын, жастарды сөз зергері, көрнекті ақын, қарымды қаламгердің шығармашылығымен тереңірек таныстыру, елімізге, қоғамға елеулі еңбек сіңірген азаматтың елордамыздың рухани дамуы мен ел игілігі үшін істеген елеулі еңбектерін дәріптеу мақсатында өткен бұл кездесуге Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының өкілдері, сондай-ақ ақындар мен жазушылар, театр актерлері, жастар қатысты. 

8a5076ba-0bcf-4ea7-8aa8-76c5cb6eddf3.jpg

Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Досжан Астана қаласы әкімінің құттықтау хатымен кеш шымылдығын ашса, ҚР Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы одақтың құттықтау хатын оқып, қаламгерге шығармашылық табыс тіледі. 

8324853d-45eb-4c46-87ac-291485481c01.jpg

Есенгелді Сүйіновтің есімі оқырман қауымға қаламы жүйрік журналист, ақын ретінде жақсы таныс. Оның өмірдің өзекті мәселелерін арқау еткен мақалалары, публицистика, эссе, сұхбаттары республикалық басылымдарда жиі жарық көріп жүр. «Күңгір тау құпиясы», «Арайлы таң», «Тербеген теңіз әлдиі» сынды алты кітаптардың авторы. Оның өлеңдері – адамдарды жақсылыққа, ізгілікке, асқақ армандарға жетелейді. Ақын өз жырларына еліміздің ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігін арқау етіп, әсем табиғат көріністерін, адал достықты, кіршіксіз, мөлдір махаббатты көсіле жырлайды. Оның «Табиғат таңғажайыптары», «Жол үстінде жүрген доңғалақ», «Айдалаға тастап кеткен жүргізуші», «Екі бөленің үйленуі» тәрізді шығармалары – оқырманның қай буыны үшін де қызығып оқитын сүбелі шығармалар саналады. Кеш барысында актерлер ақын өлеңдерін жатқа оқып, жиналғандарды жылы әсерге бөледі. Әуезді ән мен күмбірлеген күй де төгілді. 

fa8c7765-d596-457a-a232-98680f858654.jpg

Бүгінгі шығармашылық кешті халық алдындағы есеп беруім деп санаймын. Бұл кеште сиясы кеппеген өлеңдерім де оқылды. Жалпы қазірге дейін әр жанрда жазған 6 кітабым жарық көрді. «Сүйемін сені» жыр жинағын баспаға ұсындым, бұйырса жақында жарық көреді. Енді алдағы уақытта әңгімелер жинағымды баспадан шығарсам деген ой бар, - деді кеш иесі. 

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ 

Барлық жаңалықтар