00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада ақын Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» кітабы таныстырылады

12.12.2023 | 04:45
59
Фото: ашық дереккөз

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 20 желтоқсан күні сағат 12.00-де ақын, бард, қоғам қайраткері Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» атты кітабының тұсаукесері өтеді, деп хабарлады Elorda.info

Ақындар айтыстарындағы батыл да шыншыл қоғамдық-саяси ойлары үшін «Қазақтың Сары тентегі» атанған ақын, бард Қуаныш Мақсұтовтың заманауи жетістіктер қолданылған жаңа кітабына поэзиясы, бардтық туындыларының, шансондарының, авторлық әндерінің мәтіндері және көсемсөздері топтастырылған. Оқырман «AlphaPrint» баспасынан шыққан кітапта көрсетілген QR-код арқылы автордың музыкалық туындыларын тыңдап, ақынның жеке YouTube арнасындағы ақпараттармен таныса алады.  

Кітаптың бірінші бөліміне поэзи­я, екін­шісіне – бард­тық, шансондық туын­ды­лары, үшін­шісіне – қаламгердің ой-толғамдары, көсемсөз жазбалары жинақталған. Кітап көпшілік оқырманға арналған. Кеш барысында өнер иесі өзінің бардтық туындылары мен шансондарын орындайды. 

Қуаныш Мақсұтов 1963 жылы 23 ақпанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында туған. Халықаралық, республикалық ақындар айтыстарының, республикалық «Жігер» фестивалінің, Университеттердің Бүкілодақтық фестивальдерінің лауреаты. «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінде өткен республикалық «Аламан айтыс» жарысында «Орақ тілді, от ауызды ақын» атағы берілген (2006-2008).

«Мәңгілік мұңның әуені» атты бардтық әндер жинағы (2013), «Тәкаппар мұңның кербез тамшылары» атты жыр жинағы (2013) жарық көрген. Бірнеше интелектуалдық жобалардың авторы.

Қуаныш Мәжкенұлының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын мәдени шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, елімізге белгілі ақын-жазушылар, оқырмандар қатысады. 

Айта кетейік, ақын, бард Қуаныш Мақсұтовтың мерейтойына арналған шаралар осы жылдың қараша айында Қарағанды облысында кең көлемде аталып өтті. 

Барлық жаңалықтар