00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Елордада 6 мың адам волонтерлікпен айналысады

02.02.2024 | 08:24
126
Фото: www.gov.kz

2014 жылдан бері «Астана жастары» Жастар-ресурстық орталығының волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімі волонтерлік қызметті дамыту және насихаттау, оларды оқытумен айналысады, волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарға әкімшілік және ресурстық көмек көрсетеді.

2020 жылдан бері «Астана жастары» базасында қалалық волонтерлар штабы қызмет атқаруда. Штабта 6 мыңнан астам белсенді волонтер бар. Жыл сайын «Астана жастары» орталығы волонтерлік бағыттарын кеңейтуде. Осылайша, 2023 жылы «Қауіпсіз қала» жобасы аясында волонтерлар түрлі бағытта ақпараттық түсіндіру жұмыстарына жұмылдырылды. 

80.jpg

«Taza Alem» жобасы аясында волонтерлердің қатысуымен 45 эко-сенбілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар, волонтерлар қалалық және халықаралық іс-шараларға да тартылады. Мәселен, 2023 жылы халықаралық және республика деңгейінде өткен 150 шараға ат салысты. «Игі істер марафоны» және «Қамқорлық мекен-жайы» жобасы аясында «Астана жастары» волонтерлерімен 40 жалғызбасты зейнеткерлердің ауласы қардан және қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. Аталған акциялар тұрақты және жүйелі түрде өткізіледі. 

Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының айтуынша волонтерлік – ерікті жұмыс, адамдар айналасындағылардың игілігі үшін еңбек етіп, көмектеседі. Жастар да уақыттарын тиімді өткізуге, жаңа достар табуға, қоғамдық өмірге қатысуға ұмтылады.

Барлық жаңалықтар