00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

ЕҰУ-да 4 жаңа жатақхана салынады

26.02.2024 | 10:18
54
фото: ЕҰУ баспасөз қызметі

ЕҰУ екі жылда 5 мыңнан астам студентті жатақханамен қамтуды жоспарлап отыр. Биылдан бастап университет студенттері Мағжан Жұмабаев көшесінде салынып жатқан жаңа жатақханаға орналаса алады. 

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша инвесторлар студенттік үйлердің құрылысына үлкен қызығушылық танытуда. Биыл жаңа оқу жылының алдында жаңа Студенттер үйі пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта тағы 3 студенттік үйді салуды жоспарлап отырмыз. Бұл - жатақханаға деген сұранысты жабады, - деді ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

Мағжан Жұмабаев көшесіндегі ЕҰУ-дың жаңа Студенттік үйі екі блоктан және 5 қабаттан тұрады. Студенттік жатақхананың жалпы ауданы 4 мың шаршы метрден асады.

Біздің компания өз қаражатына студенттік жатақханалар салатын болды. Бұл біздің алғашқы жобамыз. Ғимаратта шамамен 300-ге жуық орын қарастырылған, – деді «Bastau Damu KZ» ЖШС директоры Арман Халелов.

Айта кету керек, 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Астанада студенттік жатақхана құрылысының жобалық кеңсесі құрылған болатын.

Осы бағытта инвесторлар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, «Қаржы орталығы» АҚ және жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Барлық жаңалықтар