00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Димаш Құдайберген елордалық студенттермен бірге күй тартты

28.11.2023 | 03:30
59
Фото: дереккөз

Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген студенттердің шақыруымен Еуразия ұлттық университетіне барды, деп хабарлады Elorda.info.

Ол оқу ордасымен танысып, білім алушылармен кездесті және студенттік оркестрмен бірге танымал күйлерді орындады. 

Әнші ЕҰУ-дағы Күлтегін ескерткіші және Жазу тарихы мұражайымен танысты.

4349651bf90e5ae98b01f7fb4a41b4fb_1280x720.jpg

Студенттермен кездесуде Димаш Құдайберген өзінің балалық шағы, қалыптасуы, өскен ортасы туралы айтып, сүйікті кітаптарымен бөлісті, өмірге деген жоспарлары, спортқа бейімділігі туралы сұрақтарға жауап берді. 

ЕҰУ жастары әншіден өзінің бойындағы маңызды адами қасиет – қарапайымдылықты қалай сақтауға болатынын сұрады.

Өз ісіңізде қаншалықты кәсіби болсаңыз да, ең бастысы, қарапайымдылық және рухани бай болу. Бойыңызда адамдық қасиет болмаса, кәсіби шеберлігіңіз қанша жерден жоғары деңгейде болсын, оның құны көк тиын, - деді ол.

Барлық жаңалықтар