00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Биыл елордада 111 бала өрттен эвакуацияланды

18.10.2023 | 06:00
36
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ажар Рүстемова брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Спикер өртке байланысты төтенше жағдайлар салдарынан балалардың жарақаттану деректеріне назар аударды. 

Оның айтуынша, жыл басынан бері елордалық гарнизонның құтқарушылары 4,5 мыңнан астам жедел шақыртуға барған. Оның 474-і өрт шығуына қатысты. Шақырту кезінде 111 бала эвакуацияланды және өрттен құтқарылды. Тілсіз жау салдарынан 3 бала жарақат алса, 12 бала газдан уланған. Өкінішке қарай, жазғы маусымда су айдындарында 1 бала қайтыс болды. Суға батып кеткен 6 бала құтқарылды.

«Жазатайым оқиға» біздің бақылауымыздан тыс болады.  Дегенмен, біз жазатайым оқиғалар деп атайтын оқиғалардың көпшілігі алдын алуға болатын жарақаттар. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мүмкін болмаса да, жарақаттарды болдырмауға болады, - дейді А.Рүстемова. 

Балалардың жарақат алу тізімінде алдыңғы орынды – жолаушы балалар, жаяу жүргіншілер, велосипедшілер ретінде қатысатын жол-көлік оқиғалары, құлау, түрлі улану, соның ішінде көміртегі тотығымен, өрттер және күйіктер және қаруды абайсызда қолданудан болатын жазатайым оқиғалар тұр. 

Әдетте, тұрғын үйде болатын өрттердің негізгі себебі ересектердің өртке қарсы қауіпсіздікке немқұрайлы қарауы.  

Көп жағадайда балалардың төтенше жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етудің қарапайым ережелері сақталмайды. Мәселен, оның өрт кезінде не істеу керектігін білмеуі. Ата-аналар сіріңкелер, оттықтар, жанғыш сұйықтықтарды секілді заттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерге қоюды құнттамауы да бір себеп. Балалар да мұндай заттарды пайдалану кезінде қауіп төндіретіндігін біле бермейді. Сондай-ақ, балаларды жалғыз немесе қарт кісілермен жабық тұрғын үй-жайларда және ықтимал қауіпті жағдайы бар орындарда қалдыруы. Нәтижесінде оқыс оқиға орын алғанда, үй-жайдан шығу мүмкіндігін шектеліп қалады.

Барлық жаңалықтар