00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Астаналықтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында волонтер бола алады

01.02.2024 | 10:46
132
Фото: www.gov.kz

Волонтерлер қатарына қабылдау туралы түсіндірілетін кездесулер сериясы елордалық оқу орындарында өтеді.

«Біз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында студенттерді іріктеуді ұсынамыз. Бұл жұмыс ойындарға дайындық дирекциясымен бірлесіп жүргізіледі. Бізде сайттар мен әлеуметтік желілерде танысуға болатын белгілі бір критерийлер бар. Аса шектеулер жоқ. Сондай-ақ, халықаралық еріктілердің қатысу мәселесін қарастырамыз. Болашақ үміткерлердің негізгі критерийлері шет тілдерін, әсіресе, ағылшын және түрік тілдерін білуі керек. Жарысты өткізу кезінде жастар арнайы құрал-жабдықтармен, тамақпен және көлікпен қамтамасыз етілетін болады. Тұрғын үйге келетін болсақ, бұл жағы қанша адамды қабылдайтынымызға байланысты болады, өйткені студенттер арасында қалалық және басқа қаладан келгендері де бар. Барлық мәселелер ретіне қарай шешілетін болады, - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев журналистерге.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, 18 жастан асқан тұрғындар волонтер бола алады. Олардың көмегі келесі бағыттар бойынша қажет болады: қатысушыларды қабылдау, аккредиттеу орталықтары мен қонақ үйлерге апару, спорттық іс-шаралар өткізілетін кешендерге көмек көрсету, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, ойын кезінде қатысушыларға тамақ жеткізу және т. б.

Естеріңізге сала кетейік, алдын ала болжам бойынша V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 100-ден аса елінің 4 мыңға жуық өкілі қатысады.

Волонтерлік қызметпен айналысқысы келетіндер сайттағы «Волонтер» бөліміне кіре алады https://worldnomadgames.kz және сауалнаманы толтыру керек. 

Іріктеу толтырылған сауалнамалар арқылы жүргізіледі. Әңгімелесуге барлық талаптарға сай келетін еріктілер шақырылады.

Ақпаратты @Volunteer_nomadgameskz парақшасынан Instagram және Tik Tok әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, WhatsApp және Telegram-да 8 701 841 20 24 телефоны арқылы алуға болады.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде 20 түрі спорттық жарыстар өтеді, соның ішінде ат спорты, күрес түрлері, садақ ату, дәстүрлі зияткерлік ойындар, арқан тарту және т. б. Сонымен қатар ресми бағдарламадан басқа, ұлттық өнердің 10 түрін көрсету үшін арнайы көрме конкурстары жоспарланған.

«Қазанат» ипподромында және этноауыл аумағында ат жарысы, дәстүрлі садақ ату және құстармен аң аулаудың түрлері бойынша жарыстар мен ат жарыстары өтеді. Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы мен «Алау» мұз айдыны сарайында ұлттық күрес түрлері мен «Думан» кешенінде дәстүрлі зияткерлік ойындар өтеді.

Барлық жаңалықтар