00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 іс тергеліп жатыр

08.01.2024 | 06:00
66
Фото: Астана қаласының прокуратурасы

Астанада қылмыстық қудалау органы 10 көп пәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық іс тергеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласының прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.                                   

7 адамға, соның ішінде құрылыс компаниялардың 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ресей федерациясының құқық қорғау органдарының көмегімен іс бойынша негізгі фигуранттардың бірі Мәскеу қаласының аумағында ұсталды, - делінген прокуратура хабарламасында.

 Ол 5 млрд теңгеден асатын залал келтірді деген күдікке ілінген. 

Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция негізінде күдіктіні ұстап беру туралы өтінішті қанағаттандырған. 

 «Қылмыстық істердің тергеу барысы бақылауда. Тергеу органы іске қатысы бар барлық адамдарды және олардың мүлкін анықтауға бағытталған» деп хабарлады елордалық прокурорлар. 

Барлық жаңалықтар