00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада Юнус Эмренің ескерткіші ашылды

26.10.2023 | 12:00
50
Фото: әкімшілік

Бүгін Астанадағы Ататүрік саябағында түркі әлемінің қалыптасуына еңбек сіңірген тарихи тұлға Юнус Эмренің ескерткішінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.

юнус.jpg

Салтанатты шараға Түркияның еліміздегі елшілігі, елорданың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Аталған іс-шараны ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық түркі академиясының президенті, танымал түрколог , академик Дархан Қыдырәлі құттықтау сөзімен ашты.

сохр.jpg

Біріншіден, баршаңызды Қазақстан Республикасының дербестігі туралы деклорациясы жарияланған ұлық мерекемен құттықтаймын! Сонымен қатар Түркия Республикасының 100 жылдығы құтты болсын! Осы 100 жылдық мерекенің қарсаңында біздің руханиятымыздың архитекторларынан саналатын Қожа Ахмет Яссауидың жолын батыста жалғаған, түркі тілінің өрісін кеңейткен Юнус Эмренің ескерткішінің елордада ашылуы өте мағыналы деп білеміз. Бұл ескерткіштің эскизі жасалып жатқанда көрген едік. Тура мерекенің қарсаңында ашылып отыр. Баршаңызға құтты болсын! Мұстафа Кемал Ататүріктің «Бір уақыт келеді, Кеңестер одағы да құлайды, сол кезді күтіп отыра бермей, біз өзіміздің көпірлерімізді құра беруіміз керек. Тіл- біздің көпір, тарих - біздің көпір, дәстүр мен мәдениет - біздің көпір» деген сөзі бар еді . Дәл Астана көпірі жанынан орын алған ескерткіштің  тіліміздің, тарихымыздың, мәдениетіміздің көпірі, шын мәнінде түркі әлеміне алтын көпір болады деп үміттенеміз. Осы іс-шараға ұйытқы болғандарға мың алғыс. Түркия мен Қазақстанның достығы жасай берсін! – деді Дархан Қыдырәлі. 

Ескерткіштің салтанатты ашылуына арнайы қатысқан Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу сөз сөйлеп, алғысын білдірді.  

елші.jpg

Түркияның 100 жылдығы аясында Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы арқасында ескерткіш орнатылып отырғанын мақтан тұтамыз және алғыс айтамыз. Түркияда да қазақтың ұлы ойшылы Абайдан бастап өзге де дарынды тұлғаларына арналған саябақтар, ескерткіштер бар. Бұл іс- шара - екі елдің тарихының ортақ екенін еске салатын шара деп ойлаймын. 13-14 ғасырда Анадолыда өмір сүрген осы түркі әлемінің ойшылы, философы, сопылық ілімін жалғастырушы Юнус Эмре адамның жаратқаннан жаратылғанға сүйіспеншілікпен қарауына ден қойған. Оның адамзатқа сүйіспеншілікпен қарау, сыйластықпен қарау жайлы принциптерін өскелең ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз болып саналады. 

Бұл ескерткіш екі елдің достығын нығайтып қана қоймай, жастарға түркі әлемін зерттеуге жол ашады. Юнустан шамамен бір ғасыр бұрын өмір сүрген Қожа Ахмет Яссауи қалдырған із біз үшін маңызды. Ол Түркістанда жаққан сопылық ілім алауының ізі Анадолыға дейін жетіп, бүгінгі күнге дейін қадірлі тұлға ретінде құрметтеледі, - деді Мұстафа Капуджу.

ю гул гул.jpgБұдан соң ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі , Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі  Мұстафа Капуджу, сондай-ақ Байқоңыр ауданы әкімі  Талғат Рахманберді Юнус Эмреге арналған ескерткішті салтанатты түрде ашты. 

Тарихи сәттен соң ескерткішке елшілік пен елорда әкімшілігі атынан гүл шоқтары қойылды. 

Барлық жаңалықтар