00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанадағы жәрмеңкелер кезінде арзан бағамен 10 мың тоннадан астам тауар сатылды

08.11.2023 | 06:30
72
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев пен Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Ильясов брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Спикерлер елордадағы бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдік қабылдаған шаралар туралы мәлімет берді.

Азық-түлік бағасының қолжетімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әкімдік бірқатар шаралар қабылдауда.  Біріншіден, жыл сайын «егістіктен сөреге дейін» қағидасы бойынша өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. 

Биыл әр демалыс сайын (сенбі-жексенбі күндері) 2 қыркүйектен бастап 29 қазанға дейін өткізілді. Республиканың әртүрлі өңірлерінен 600-ден астам аграрилер қатысып, нарықтық бағадан төмен бағада 10 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды. Үй жанындағы дүкендерге бәсекелестік тудыру үшін елорданың екі ауданында демалыс күндері қалалық жәрмеңкелерді өткізу жұмыстары жалғасуда, жәрмеңкеде тауарлар нарықтық бағадан төмен бағада сатылды.  

Бұдан басқа, азық-түлік тауарларын «егістіктен сөреге дейін» қағидасы бойынша «фермерлік базар» құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Сауда орындары тауар өндірушілерге төмендетілген бағамен беріледі. Фермер базары пайдалануға 2025 жылдың қаңтар айына жоспарланған. 

Екіншіден, Әлеуметтік маңызы бар атаулы тауарлар бағасын тұрақтандырудың тиімді шараларының бірі - ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін белгіленген бағада сату үшін жеңілдікті несиелер бөлінеді. «Айналым тетігі» аясында қала бюджетінен 13 млрд. теңге бөлінді. Азық-түлік қоры шамамен 27 мың тоннаны құрайды, бұл 17 мың тонна көкөніс және 10 мың тонна бакалея өнімдері. Бүгінгі таңда қалдық 6,3 мың тоннаны құрайды картоп-11,4 мың тонна, сәбіз - 1,5 мың тонна,пияз – 1,7 мың тонна, қырыққабат-1,0 мың тонна.

Бұл күнде халықты әлеуметтік нан өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында тоннасы 90 мың теңгені құрайтын (нарықтық құны 1 тонна үшін 200 мың теңге) Азық-түлік корпорациясымен 5,8 мың тонна астыққа қосымша келісімшарт жасалды.

Сондай-ақ, өңірлік комиссияның отырыстары тұрақты негізде өткізіледі, барлығы 88 отырыс, оның ішінде 16 көшпелі және бизнес өкілдерінің қатысуымен бір кеңейтілген отырыс өткізілді. Сауда үстемесін сақтамаудың  34 дәйегі анықталды, оларға қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша әкімшілік істер қозғалған. Бұл күнде өз құзыреті шегінде сауда Департаменті іс жүргізуде.

Үшінші, қаланың тамақ өнеркәсібінің әлеуетін арттыру мақсатында қажетті инженерлік инфрақұрылымы бар аграрлық индустриялық аймақ құру жоспарлануда. Жер телімінің ауданы 67 га. анықталды. Елорданың азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 

79 млрд теңгені құрайтын 20 жоба бойынша сауда-логистикалық инфрақұрылым және тамақ өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударды. Тамақ өнеркәсібі саласында өндіріс көлемі 66,8 мың тонна болатын 17,35 млрд.теңге сомасына 7 инвестициялық жоба, сондай-ақ жылдық қуаты 7 мың тонна 15 млрд. теңге сомаға 1 жылыжай кешені жүзеге асырылуда.Сақтау алаңы 70 мың ш.м. құрайтын қойма кешендерімен көкөніс сақтау қоймасы 35 млрд. теңге сомасына 6 жоба іске асырылуда.  Биыл 11 мың тонна тауар сақтауға арналған 2 көкөніс қоймасын іске қосу жоспарлануда. 

Барлық жаңалықтар