00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада өртке қарсы қызмет 100 пайыз жарақтандырылған

18.10.2023 | 10:30
37
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде еліміздегі 19 қазан  құтқарушылар күні қарсаңында қалалық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Спкердің айтуынша биыл да дәстүр бойынша, ҚР Құтқарушылар күні мерекелік іс-шаралар өткізумен, ТЖМ түрлі қызметтерінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттаумен, борышын өтеу кезінде қаза тапқан жолдастарға ескерткіштерге гүл шоқтарын қоюмен атап өтіледі. 

Бұл күні өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша барлық турнирлер, сондай-ақ әртүрлі өрт сөндіру бөлімдерінің немесе азаматтық қорғаныс қызметтерінің өкілдері арасында басқа да спорт түрлері өткізіледі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған сәттен бастап және жас елорда - Астана қаласының өсуімен біздің қызметіміз де серпінді өсуде.Осы жылдар ішінде біздің Департаментте өз дәстүрлері қалыптасты, күн сайын әскери қызметшілеріміздің, құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің кәсібилігі, халықты, Астананың экономикалық әлеуетін төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған қызметтің маңыздылығы артып келеді,- деді Еркін Отарғалымұлы. 

Қазіргі уақытта Астананы өртке қарсы қорғауды 18 өрт сөндіру бөлімшесі жүзеге асырады. Астана қаласының әкімдігі бес өрт сөндіру депосын салу бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Көктал көшесі ауданында төрт шығуға, Ильинка тұрғын ауданында Жанқожа батыр және Доспамбет жырау көшелері ауданында екі шығуға, №28 көше бойынша 6 шығуға, Интернациональный темір жолына екі шығуға, Тельман темір жолына төрт шығуға арналған өрт сөндіру депосы салынуда.

Елордалық ТЖД-де 205 бірлік техника бар. 2021 жылы қала әкімдігі 2,5 млрд. теңгеге 48 негізгі және арнайы техника сатып алды. ТЖД техникасымен материалдық-техникалық жарақтандыру 100% құрайды.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басты еңбегі-адамдар. Біз құтқарушы батырларымызды мақтан тұтамыз. Адам өмірі мен мүлкін құтқара отырып, кәсіби міндеттерін орындай отырып, мәңгі жүрегімізде сақтаймыз. Қазір елорданың қауіпсіздік күзетінде екі мыңнан астам қызметкер еңбек етуде. Мұндағы әрбір кәсіптің қызметтің ерекшелігіне байланысты өзіндік қиындықтары бар. Бұл өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, психологтар, медицина қызметкерлері»,- деді спикер.

ТЖД-нің қызметкерлері, ең алдымен, аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат көмекке келуге дайын мамандар. Жыл сайын елордалық гарнизон бөлімшелері орта есеппен 4000 мыңнан астам сапар жасайды, 600-ден астам өртті жояды, 1000-нан астам адамның өмірін құтқарады және эвакуациялайды. Кезекші тәулікте 101 және 112 қызметке 1000-нан астам қоңырау түседі.Тек 9 айдың ішінде елордалық құтқарушылар дабыл бойынша 4242 рет шығу жасады. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде кезекші қарауылдардың жеке құрамымен 257 адам құтқарылды, қауіпсіз аймаққа 378 адам эвакуацияланды.

Сонымен қатар, биылғы жылы елордалық өрт сөндірушілер Қостанай облысында (98 құтқарушы, 18 өрт техникасы), Абай облысында (103 өрт сөндіруші және 18 техника) және Павлодар облысында Ертіс орманы өртіне қарсы күресте әріптестеріне көмек көрсетті.

Сондай-ақ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары апатты жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына барды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қойылған міндеттерді абыроймен орындап, алғыс хаттармен, медальдармен және төсбелгілермен марапатталды.

Қысқа уақыт ішінде Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы отпен күресудің алдыңғы қапталында өз міндеттерін атқарған қызметкерлерден айырылды. Олар батылдық пен табандылық таныту арқылы адамдардың өмірін сақтап қалды. Осындай батырлардың бірі 2022 жылдың қараша айында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан елордалық Өрт сөндіруші Асқар Забикулин. Асқардың батыл, батыр әрекеттерінің арқасында адам өмірі сақталды. 

17 қазан Үркер шағын ауданында  Асқар Забикулин атындағы көшенің ашылу салтанаты өтті.  Құтқарушылар аллеясында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алды.  Сондай-ақ Асқар Забикулин атындағы №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші Асқар Забикулинге ескерткіш ашылады.

Барлық жаңалықтар