00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Астанада насыбай өндіретін 160-тан астам цех анықталды

01.04.2024 | 16:35
Елорда ақпарат
162
Астанада насыбай өндіретін 160-тан астам цех анықталды
Фото: дереккөз

Астананың барлық ауданында 18 наурыздан бастап вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде. Рейдтік іс-шаралар басталғаннан бері 800-ге жуық сауда орны тексерілді, шегілмейтін темекі өнімдерін, оның ішінде насыбай өндірісі бойынша жерасты цехтарының 160-тан астам фактісі анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Акцияның мақсаты – вейпке, темекі өнімдеріне және насыбайға тәуелді елорда тұрғындарының санын азайту.

Рейдке белгілі ММА жауынгері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы Василий Тахтай қатысты.

Біз білетіндей, бүгінгі таңда темекі өнімдері мен насыбайды пайдалану біздің қоғамда өзекті мәселе болып саналады. Бүгінде кәмелетке толмағандарға насыбай мен басқа да темекі өнімдерін заңсыз сатуды анықтау мақсатында рейд жүргізілуде. Біздің мақсатымыз – бұл мәселені жою және жастарды салауатты өмір салтына бағыттау, - деді В.Тахтай.

Іс-шара барысында дүкен сатушыларына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

18-29 наурыз аралығында біз насыбай мен темекі өнімдерін заңсыз сатуды анықтау бойынша рейд жүргізіп жатырмыз. Іс-шара барысында Асфендияров, Әнет баба, Сығанақ, Р.Бағланова, Ұлы дала, Қайым Мұхамедханов, Отырар және "Үркер" тұрғын алабы, Исатай батыр көшелерінде орналасқан 147 дүкен бойынша насыбай мен снюсті заңсыз сату бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 6 дүкен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Нұра ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік бөлімінің маманы Бектемір Жолдасқажиев.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында есірткі мен қазақстандықтардың денсаулығына зиянды басқа да заттар туралы айтқан болатын. Насыбай мен снюстің заңсыз таралуын анықтау бойынша рейдтер елорданың барлық аумағында жүргізілуде.

Барлық жаңалықтар