00:00
Астана -10oC
USD:
464.72
EUR:
496.32
RUB:
5.4
Іздеу

Астанада мұғалім лифт шахтасына құлап кетті

Астанада мұғалім лифт шахтасына құлап кетті
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының Алматы ауданындағы мектептердің бірінде лифт шахтасына  құлап кеткен мұғалім құтқарылды, деп хабарлады Elorda.info министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында құтқару операциясы кезінен видео жариялады. Бейнежазбада төтеншеліктердің лифт шахтасына құлаған әйелді сыртқа шығаруға тырысып жатқанын көруге болады.

Зардап шеккен әйел 1986 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Ресми ақпаратқа сәйкес, ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

ТЖМ өкілдері төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді.

Барлық жаңалықтар