00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Астанада құрылыс басында жұмысшылар арасында жаппай төбелес болды

29.05.2024 | 11:46
Торғын Аман
191
Астанада құрылыс басында жұмысшылар арасында жаппай төбелес болды
фото: дереккөзден

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елорданың құрылыс нысандарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Астана қаласы Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрылыс нысанында жұмысшылардың бірі тұтастырғы құюға дайындап қойған еденнен өтіп кетуі және оған екінші жұмысшының ескерту жасауы қақтығысқа себеп болған.

«Полиция келгеннен кейін жанжал реттелді. Аталған фактіге қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері орын алған оқиғаға қатысқан адамдардың барлығын анықтады, оларға қатысты заңда көзделген шаралар қолданылатын болады», - деп көрсетті Астана қаласы Полиция департаменті.

Барлық жаңалықтар