00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Астанада көктемгі дератизация жұмысы басталады

03.04.2024 | 17:02
Елорда ақпарат
99
дератизация
фото: gov.kz

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елордада көктемгі дератизация жұмысын өткізуді бастайды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар жеке секторды және ашық аумақтарды (саябақтар, зираттар, өзендер, су қоймалары мен каналдар) қамтитын болады.

Жеке сектор тұрғындарына арнайы улы препараттар тегін беріледі. Мамандар тұрғын үйлерді 3 рет өңдейді, яғни дезинфекторлар жеке секторларға 3 рет кіреді. 28 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарланып отыр. Үй иелері сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы препараттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде: жертөлелерде немесе үйдің төбесінде сақтау керек.

Сондай-ақ, дератизация ашық алаңдарда жүргізілетін болады. Улы препараттармен өңдеу өзендердің, каналдардың, су айдындарының жағасында, зираттарда, саябақтарда жүргізіледі. Өңделетін ашық аумақтардың ауданы 3264 гектарды құрайды.

Дератизация құрамында бромадиолон және бродефор препараттарын қамтитын дән түріндегі улы препараттарды пайдалана отырып жүргізіледі. Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.

Барлық жаңалықтар