00:00
Астана -10oC
USD:
450.79
EUR:
482.21
RUB:
5.05
Іздеу

Астанада бір күнде екі көлікті тонаған ер адам ұсталды

22.05.2024 | 11:42
172
 Астанада бір күнде екі көлікті тонаған ер адам ұсталды
фото: дереккөзден

Астана қаласы Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында аккумулятор ұрлаумен айналысты деген күдікпен 36 жастағы ер адамды анықтады. Астана тұрғыны бір түнде екі көлікті тонап үлгерген, деп хабарлады Elorda.info.

Күдікті түнгі уақытта Абай даңғылы бойындағы үйдің жанындағы автотұрақта құлпы ашылған «Volkswagen Passat» автокөлігінің аккумуляторын, магнитофонын және басқа да бөлшектерін алып кеткен. Келтірілген шығын 140 мың теңгені құрады. Дәл сол түні күдікті көрші ауладағы «ВАЗ 2106» көлігінің аккумуляторын жымқырғаны белгілі болды. Ер адам автокөлік бөлшектерін үйінің ауласындағы бұталар арасына жасырып, таңертең ұрланған бөлшектерді сатып жіберген.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады, оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар