00:00
Астана -10oC
USD:
451.38
EUR:
487.22
RUB:
5.14
Іздеу

Астанада балық аулау орындарында рейд өткізілді

21.12.2023 | 05:30
119
Фото: дереккөз

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында балық аулау орындарында профилактикалық рейд өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараның мақсаты – мұз астына түсіп кеткен адамды құтқару кезіндегі іс-әрекеттер, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету туралы түсіндіру.

Мұз үстінде және су айдындарында қыс мезгілінде қауіптің алдын алу мақсатында профилактикалық рейд жүргізілді. Қыс мезгілінің басталуымен балық аулауды ұнататындар мереке және демалыс күндері демалуға шығады. Төтенше жағдайлар департаменті жұртшылыққа қауіпсіздік ережелерін еске салады, сондай-ақ қыс басталғанға дейін әкімдікпен бірлесіп, су айдындарында ескерту белгілері мен ақпараттық стендтер орнатады. Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см болып саналады, бірнеше адам үшін мұздың қалыңдығы кемінде 25 см болуы керек. Апат жағдайларының алдын алу үшін мұзда балық аулау кезінде арқан, құтқару кеудешелері, шеңберлер және таяқтар сияқты жеке құтқару құралдарын алып жүру қажет. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды: қараңғыда және қолайсыз ауа райында мұз үстіне шықпау қажет, - деді Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Ренат Смағұлов.

Құтқарушылар мен полицейлердің түсіндірме жұмысынан кейін қатысушыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері бар ақпараттық брошюралар таратылды.

Елордалық ТЖД су мен мұздағы тәртіп ережелерін сақтауға кеңес береді.

Барлық жаңалықтар