00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада «Ауған отын кешкендер» атты көрме ашылды

16.02.2024 | 03:27
65
Фото: дереккөз

Әскери музейге қойылған жәдігерлермен Ауған жауынгерлері Қайрат Елубаев, Ғалым Қожабеков, отставкадағы генерал-майор Тұрсын Уажанов, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери қызметшілері және «Батырлар» клубының тәрбиеленушілері танысты. 

92254298cfa021b53a0dd6d9360e2d9e_1280x720.jpg

Көрмеге қойылған 300 экспонаттың ішінде арнайы мақсаттағы 177 жасақ командирі, атақты «Қара майор» – полковник Борис Керімбаевтың жеке заттары мен киімдері бар. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Асенов Қорғаныс министрінің атынан ауған ардагерлеріне «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл» төсбелгісін табыс етті.  

ba9425abd49ec7e0c859ced19c38f407_1280x720.jpg

Іс-шара соңы Ауғанстандағы соғыс кезіндегі интернационалист-жауынгерлердің сүйікті әндері орындалған концертпен аяқталды.

Барлық жаңалықтар