00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада қаржы саласының мамандары марапатталды

15.11.2023 | 07:25
47

Бүгін Ұлттық валюта теңгенің 30 жылдық мерейтойы мен Қаржыгерлер күніне орай жиын өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оған қала әкімінің орынбасары Евгений Глотов, қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов және қаржы жүйесінің қызметкерлері қатысты.

2.jpg

Қымбатты қаржыгерлер! Астана қаласы әкімінің атынан сіздерді Ұлттық валюта күнімен және кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі таңда валютамыз, ту, елтаңба, әнұран сияқты Қазақстан тәуелсіздігінің экономикамыздың тұрақтылығы мен табысының символы болып саналады. Бұл сіздердің еңбектеріңіз. Бюджеттік қаржыны тиімді басқару біздің қаланы және елді дамытудың негізгі құралы. Келешекте де қаржы саласы өркендеп, елімізге экономикалық табыстар әкеле берсін. Отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін. Мереке құтты болсын! - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Глотов.

Жиында елордалық бір топ қаржы саласының қызметкері Астана қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Солардың бірі қала бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы Ғалымжан Тапеев.

Бүгін Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырған Ұлттық валютамыз – теңгенің 30 жыл толуына орай және қаржыгерлердің яғни біздің кәсіби мерекемізге арналған салтанатты жиын көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Барлық әріптестерімді мерекемен құттықтаймын. Жұмыстарына толағай табыстар тілеймін, - деді Ғалымжан Серікбайұлы.

Мерекелік іс-шара барысында әнші Дастан Оразбеков, Маржан Арапбаева, Зарина Омарова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлнұр Оразымбетова, Ұлықпан Жолдасов өнер көрсетті.

3f977e4f-2f34-4aa3-b644-0e4e6f875f1d.jpg

Сабина КӘКІМЖАН

Барлық жаңалықтар