00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Астана тұрғынынан 12 келіден астам гашиш тәркіленді

30.01.2024 | 09:30
34
фото: polisia.kz

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордада есірткі жеткізу және сатумен айналысқан азаматты ұстады. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер автокөлікті тоқтатып, оны тінту барысында есірткі заты гашиш салынған 123 дана Zip-Lock пакеттері табылып, тәркіленді. Күдіктінің үйін тінту кезінде сатуға арналған бір полиэтилен пакет және  гашиш салынған 28 Zip-Lock пакеттегі есірткі заты табылған. Нәтижесінде 12,5 келіге жуық гашиш есірткі заты заңсыз айналымнан шығарылды.

 Қылмыстық тергеп-тексеру аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінен елордаға есірткі жеткізу және сатумен айналысқан қылмыстық тізбегіндегі басқа да сыбайластарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Барлық жаңалықтар