00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астана мен Душанбе арасында тікелей әуе рейсі ашылды

03.04.2024 | 11:31
Елорда ақпарат
62
Астана мен Душанбе арасында тікелей тұрақты рейс ашылды
Фото: ашық дереккөз

Somon Air әуекомпаниясының Душанбе – Астана – Душанбе бағыты бойынша алғашқы рейсі орындалды, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында тікелей тұрақты рейс ашылды. Рейс ашылуының ресми тұсаукесеріне Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева қатысты.

Астана-Душанбе бағыты бойынша ұшуларды «Somon Air» әуе компаниясы аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) Б-737 үлгісіндегі әуе кемесінде орындайтын болады.

Әуе бағытының іске қосылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Барлық жаңалықтар