00:00
Астана -10oC
USD:
464.72
EUR:
496.32
RUB:
5.4
Іздеу

«Астана - есірткісіз қала» акциясы: елордада бағалы сыйлықтармен ұтыс ойыны басталды

«Астана - есірткісіз қала» акциясы: елордада бағалы сыйлықтармен ұтыс ойыны басталды
Фото: дереккөз

Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Астана - есірткісіз қала» акциясының басталғаны туралы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акцияның басталуына байланысты Басқарма қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ұтыс ойынын өткізеді.

Акцияға қатысу ережелері:

- @upn_dp_astana Астана ПД Instagram аккаунтына жазылыңыз;

- Посттың астындағы пікірде салауатты өмір салты мен есірткімен күресу идеясын қолдайтын үш досыңызды белгілеңіз;

- Осы постты #Астанагородбезнарокотиков хэштегімен өз сторисіңізге репост жасаңыз.

Жеңімпаздар әр апта сайын қатысушылар арасынан кездейсоқ түрде анықталып, бағалы сыйлықтарға ие болады. Ұтыс ойынына бірнеше рет қатысуға болады.

Барлық жаңалықтар