00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астана қаласының әкімі ақын Несіпбек Айтұлының туыстарына көңіл айтты

16.10.2023 | 13:05
40

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің facebook  парақшасында ақын Несіпбек Айтұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Ақын Несіпбек Айтұлының туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Несіпбек аға өз заманының көрнекті ақындарының бірі болды. Оның еңбектерін бірнеше буын ұрпақ бойына сіңіріп өсті.

Ол қазіргі заманның жас жазушылары мен ақындарының тірегі әрі тәлімгері болды.

Несіпбек Айтұлы еліміздің мәдениетін дамытуға зор үлес қосты. Ақынның жарқын жүзі, әдеби мұралары жадымызда мәңгі сақталады, - деп жазды елорда әкімі. 

Барлық жаңалықтар