00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Арғымақ» кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандарға иппотерапия ұйымдастырылады

18.04.2024 | 15:45
40
«Арғымақ» кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандарға иппотерапия ұйымдастырылады
Фото: дереккөз

Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Азамат Ағзамов кешеннің жұмысы туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

2022 жылдың қазан айында елордада халықаралық стандарттарға толықтай сай келетін «Арғымақ» ат спорты кешені ашылды.

Спорт кешені Астананың орталығынан 15-20 минуттық жерде орналасқан. Бұл орын өте ыңғайлы, жылқылардың тыныштығы үшін де маңызды. Оның қалаға жақын болуы да келушілерге ыңғайлы.

Кешен аумағында үш ат қора бар, онда жылқы ұстауға қажет барлық жағдай жасалған.

«Арғымақ» кешенінің ерекшелігі – кез келген деңгейде ат спорты жарыстарын өткізуге мүмкіндік беретін спорт нысандарының болуы. Сондай-ақ, спорттық-сауықтыру шараларын, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған иппотерапияны ұйымдастыру және өткізу бойынша кешеннің республикада теңдесі жоқ. Бір сөзбен айтқанда, «Арғымақ» – Қазақстандағы ең ірі көпсалалы ат спорты кешені, – деді А.Ағзамов.

Нысан емдеу-сауықтыру жұмысын (иппотерапия) жүргізуге арналған, сонымен қатар балалар мен ересектерге атқа мінуді үйретеді, спорттық, бұқаралық спорттық және ойын-сауық шараларын ұйымдастырады. Мұнда 20 жылқы бар, оның 10-ы сауықтыру шараларына белсене қатысады. Әр жылқы күніне екі сағат иппотерапиямен айналысады.

Айта кетейік, өткен жылы Астанада иппотерапиялық оңалту қолға алынған болатын. Пилоттық жобаның үш айында 72 бала емделді. Қазір мұнда 40-тан астам бала тұрақты келеді.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту сабақтарын сейсенбі және бейсенбі күндері аккредиттелген ұйымдарда білім алған реабилитолог дәрігерлер, сондай-ақ иппотерапия саласындағы білікті мамандар жүргізеді.

Айта кетейік, «Арғымақ» ат спорты кешенінің қала тұрғындары мен қонақтарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы платформа енгізілді.

Барлық жаңалықтар